Бинұр Жәленов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды

Бүгін, 14:15 / Інжу Әлихан
Үкімет

Президент өкімімен Бинұр Жәленов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.