Снежанна Имашева Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Бүгін, 14:10 / Інжу Әлихан
Конституциялық сот

Снежанна Имашева Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарламада.