Астананың халқы бір жылда 90 мың адамға көбейген

Бүгін, 12:37 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылы Астана халқы шамамен 90 мың адамға артты. Бұл – республикадағы барлық қалалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы Астанадағы көші-қон сальдосы плюс 87 459 адамды құрады. Бұл астана халқы көші-қон есебінен күн сайын шамамен 240 адамға көбейіп отырғанын білдіреді.

Оң көші-қон сальдосы сондай-ақ Алматыда (33 126 адам), Шымкентте (15 130 адам) және Алматы облысында (12 110 адам) тіркелген.

Ал халықтың ең көп азаюы оңтүстік өңірлерде байқалған: Түркістан облысында (минус 42 649 адам), Жамбыл облысында (минус 21 179 адам), сондай-ақ Жетісу облысында (минус 13 018 адам). Сонымен қатар Қызылорда облысының халқы шамамен 12 мың адамға азайса, Абай облысында 10 мыңға жуық адам кеміген.

2025 жылы Қазақстанға келгендердің саны 23 761 адамды, ал елден кеткендердің саны 7 608 адамды құрады.

Тэгтер:

Астана халық саны халық ел халқы