Астанада ерлі-зайыпты Жанәбіловтердің соты басталады

Бүгін, 12:21 / Алуа Арман
Ғаламтор

13 наурызда, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогер жұп — Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі басталады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.

Соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген.

Еске салайық, 2025 жылғы 9 қазанда апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенованың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырған.

Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Тэгтер:

Сот блогер Ерболат Жанәбілов Эльмира Төлегенова