Алаяқтарға банк картасын берген жас жігітке айыппұл салынды

Бүгін, 12:14 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Ақкөл ауданында дропперлік іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақкөл ауданы прокуратурасының нұсқауы бойынша дроппер ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұсталды.

Сотталушылар орнында жұмыссыз жас азамат болды, ол ақшалай сыйақы үшін өзінің банк шотын үшінші тұлғаларға берген.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Оның кінәсі ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот айыптау үкімін шығарды — сотталушы кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды.

Тэгтер:

Алаяқ Айыппұл дроппер