Ресейде іздеуде жүрген күдікті Ақмола облысында ұсталды

Бүгін, 08:47 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақмола облысы полиция қызметкерлері 2024 жылдың қазан айынан бастап Ресей Федерациясында мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өңірдің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында да, көрші мемлекеттерде де қылмыс жасаған күдіктілерді ұстау бойынша шаралар жүргізіп келеді.

Аршалы ауданында полицейлер 2024 жылдың қазан айынан бастап ресейлік әріптестері іздеген күдіктіні ұстады. 2024 жылы Қазақстан азаматы Ресей Федерациясының аумағында мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдікті жасырынып, Қазақстан аумағына оралған, ал Свердлов облысы ІІМ оны іздестірген, - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.