Иранның жаңа көшбасшысы маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін, 05:46 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Iran International

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы осы лауазымға сайланғаннан кейін алғаш рет көпшілікке мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Ол әскерді өңірдегі АҚШ базаларына соққыны жалғастыруға шақырды.

Моджтаба Хаменеидің мәлімдемесі мемлекеттік телеарнаның эфирінен таратылды, мәтін сонымен қатар жергілікті БАҚ-та да жарияланды. Ол камераның алдына өзі шыққан жоқ.

Жауынгер бауырлар! Халық қорғануды талап етіп отыр. Ормуз бұғазы сияқты қысым көрсету құралын бұдан әрі де қолдана беру керек, - деді жаңа сайланған аятолла. Сондай-ақ ол Иранның сыртқы агрессияға берілмейтінін айтқан.

Сонымен қатар аятолла өзінің әйелі көз жұмғанын, ал 28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің алғашқы операциясы күні әпкесі мен оның күйеуінің және баласының мерт болғанын растады.

Кіші Хаменей өзі сайланғаннан соң ел алдына шыққан жоқ және бүгінге дейін мәлімдеме жасаған емес. Осыған дейін БАҚ өкілдері Иранның жаңа көшбасшысының Америка мен Израильдің жақында жасаған шабуылдарынан жарақат алғанын жазған болатын. Иранның сыртқы істер министрлігі көшбасшысының жағдайы жақсы және қауіпсіз жерде екенін айтып отыр.