"Анамның тілегі": Ернар Айдар сахнаға домбыра алып шықты

12 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Әнш Ернар Айдар Қостанайдағы ән кешінде сахнаға домбыра алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұған дейін мұндай сахнада домбыраның көмегімен ән айтпаған еді. Осылайша ол тыңдармандарына жаңа қырынан танылуда.

"Қостанайға борандатып жеттік. Үш машинамен шыққанбыз. Жанды дауыста ән айтатын болған соң түрлі инструменттеріміз бар. Команда болып жүрміз. Жола оқиға да болды. Бір машинамыз батып қалды Әйтеуір, аман-есен жеттік. Қостанай халқына рахмет! Ән кешіміз ұнады деген ойдамыз. Домбыраның құлағында ойнамасам да, бір қазақтай шерте аламыз. Бала күннен домбыра тартып жүрміз. Бірақ осы жолға дейін сахнаға домбырамен шығуға қорқақтап жүретінмін. Бірақ маған анашым "Балам, сен домбырамен жақсы айтасың. Жақсылап дайындалып, алып шықшы" деп айтып келе жатқанына он төрт жыл болыпты. Міне, сол сәт келгенде анашымның тілегін орындайыншы деп көпшілік алдына домбырамен шықтым. Халық жақсы қабылдап жатқан сияқты. Алдағы уақытта да ұнатып жатса жалғастырамыз, көңілдерінен шықпай жатса қоя саламыз", - деді Ернар Айдар.

Тэгтер:

домбыра әнші Ернар Айдар