Ерейментау – Алтынтау бағытында жүріп келе жатқан жүк пойызы «Торғай – Селеті» маңында 11 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ерейментау – Алтынтау бағытымен келе жатқан жүк пойызының машинисі теміржол үстінде үй жануарлары жүргендіктен пойызды шұғыл тежеуге мәжбүр болды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан 11 жылқыны қағып кетті», – делінген хабарламада.
Пойыздың жоспардан тыс тоқтауы 23 минутқа созылды.
ІІМ мәліметінше, теміржолдың қорғаныш аймағында мал жаю ережесін бұзған Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істейтін 35 жастағы малшы анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.