Гимнаст Ақмарал Ерекешева халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

Бүгін, 17:05 / Алуа Арман
olympic.kz

Астанада көркем гимнастикадан Alem Cup халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сеньорлар арасындағы көпсайыста қазақстандық Ақмарал Ерекешева жеңіске жетті (112.350 ұпай). Екінші орынды оның командаласы Айым Мейіржанова иеленді (110.300). Ал қола медаль италиялық Виола Селлаға бұйырды (106.650).

Юниорлар арасындағы көпсайыста Қазақстан құрамасының өкілі Анна Рубцова топ жарды (100.750). Күміс жүлдені отандасымыз Линара Жайлауова иеленді (98.900). Үшінші орынға италиялық гимнаст Вероника Заппатеррени тұрақтады (95.800).

Тэгтер:

Турнир жарыс алтын медаль гимнаст Ақмарал Ерекешова