Қарағанды облысында Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу жұмыстарын Қаржы мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.
Агенттіктің мәліметінше, Э.Г. Толовов 2021 жылғы тамыздан бастап тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма ұйымдастырған.
"Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған.
Э.Г. Толовов өндірген цифрлық активтерін криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды «BinancePool» және «Litecoinpool.org» майнинг пулдары арқылы сатқан. Сауда P2P-аударымдар арқылы, USDT-ны теңгеге айырбастау арқылы жүзеге асқан.
Жалпы өндірілген активтердің көлемі 11,2 BTC және 90,2 LTC құрайды, бұл шамамен 185 миллион теңгеге тең", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын конфискациялау түрінде жазалау тағайындалды.
Сонымен қатар, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге қайтарылды.