«Мейрамгүлді қалада өлтіріп, Наурыздың жанына көмген»: Атыраудағы іс туралы жаңа мәлімет шықты

Бүгін, 07:54 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: politico

Журналист Жанар Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысында резонанс тудырған қылмыстық іс туралы жаңа дерекпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Журналистің мәліметінше, күдіктілер 5 қараша күні Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келген. Кейін оны аяусыз өлтіріп, бұған дейін қаза тапқан Наурыздың жанына көміп кеткен.

Бұл жайтқа қатысты Жанар Молдашова әлеуметтік желідегі жазбасында пікір білдірді.

«5 қарашада Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келді. Оны да қаныпезер айуандықпен өлтіріп, Наурыздың қасына көміп тастаған. Жауыздықтың шегі болмайды деген осы екен», – деп жазды журналист.