Атыраудағы трагедия: Марқұм Наурыз бен Мейрамгүлдің мүрделерінен үшкір заттың орындары анықталды

11 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

 Жақында ғана Атырауда табылған Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттеріне қатысты тың ақпарат шықты , деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы журналист Базаргүл Нәдірқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Ол желіге Атырау облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құттыбай Садықовтан пікір алған.

"Мүрделерде үшкір заттан алған жарақат іздері бар екенін көрдік. Бұл көзге көрініп тұрған жайт. Ал оның неден болғанын мемлекеттік сараптамадан кейін сізге айтамыз. Бірақ, тағы да қайталап айтайын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабы бойынша тергеу амалдары біткеннен кейін нақты әрі ресми түрде жауап береміз", - деді Құттыбай Садықов.

Еске салайық, бұған дейін бүтін бір отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке жаңа айыптар тағылуы мүмкін екенін жазған едік.

Тэгтер:

Атырау наурыз Мейрамгүл