Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа Конституцияға қатысты өтетін жалпыұлттық референдум қарсаңында шығысқазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алдымызда ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды кезең тұр. Жаңа Ата заң жобасында «Әділетті Қазақстан» құндылығы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, Отанымыздың демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ұғымдары айқын көрініс тапты», - деді облыс әкімі.
Өз сөзінде ол осындай сәтте әрқайсымыздың асқан жауапкершілік танытып, дауыс беруіміздің маңызын жеткізді.
«Баршаңызды 15 наурызда, кемел келешегіміз айқындалатын тұста - республикалық референдумға қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын!», - деді облыс әкімі.