ІІМ үш күн ішінде мал, ет және ет өнімдері сатылатын ірі базарларды тексерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицейлер ауыл шаруашылығы малдарын тасымалдаған 10 мыңнан астам автокөлікті қарап, 3,5 мыңнан астам етті сатып алу және өңдеу орындарын, сондай-ақ 6,5 мыңнан астам шаруа қожалығын, жайылымдық учаскелер мен фермерлік шаруашылықтарды тексерді.
82 адамның мал ұрлығына қатысы бары анықталып, 16 қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Иелеріне 500-ге мал қайтарылды.
Мәселен, Абай облысында бір мезгілде мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар аталған өңірде бірнеше мал ұрлығын жасаған.
Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында ірі мегаполистер — Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан 9 заңсыз мал сою цехы анықталды, - делінген хабарламада.