Биыл елордада таэквондодан үш халықаралық турнир өтеді

Бүгін, 14:48 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

2026 жылы Астанада таэквондодан үш ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

22-23 маусым аралығында Altaic Cup турнирі өз жалауын көтереді.

Одан екі күн өткен соң, 25 маусымда Kazakhstan Open-2026 жарысы басталады. Турнир 27 маусымға дейін жалғасады.

Ал халықаралық жарыс күнтізбесіндегі ең маңызды додалардың бірі - Гран-при финалы. Бұл жарыс 28-29 қараша аралығында өтеді.