YouTube жарнамадан түсетін табыс көлемі бойынша әлемдегі ең ірі медиа компанияға айналды. 2025 жылы платформа жарнамадан 40,4 млрд доллар табыс тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Медиа-зерттеу компаниясы MoffettNathanson деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш Голливудтағы ірі медиа алпауыттардың жиынтық табысынан да жоғары. Атап айтқанда, The Walt Disney Company, NBCUniversal, Paramount және Warner Bros. Discovery компанияларының жарнамадан тапқан жалпы табысы 37,8 млрд доллар ғана болған.
Сонымен қатар платформа жазылым қызметтерінен де қомақты пайда табады. YouTube Premium, YouTube Music және онлайн-теледидар қызметтері арқылы компания жылына шамамен 22 млрд доллар табыс алады.
Осылайша YouTube-тың жалпы табысы ондаған миллиард долларға жетіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл көлем кейбір шағын мемлекеттердің жылдық бюджетімен шамалас.