FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерді тоқтатты

Бүгін, 12:14 / Алуа Арман
Фото: flyarystan.com

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірде ұшуға қойылған шектеулерге байланысты қабылданған. Компания бұл шешім жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Рейстер 31 наурызға дейін тоқтатылды. Бұған дейін бұл бағыттағы рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалатын.

Рейстері тоқтатылған жолаушылар:

билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып ала алады;

билетті кейінгі күнге тегін қайта брондай алады.

Ол үшін билетті сатып алған жерге жүгіну қажет.

Тэгтер:

Ұшақ Рейс Дубай Әуе компаниясы