Байғанин ауданында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында браконьерлік әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тәртіп сақшылары дала аймағында күмән тудырған УАЗ автокөлігін байқап, қысқа уақыт қудалаудан кейін көлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жүк бөлігінен мотоцикл және 14 киіктің (ақбөкеннің) ұшасы табылды.
Кейін тексеру барысында автокөлікте отырған Атырау облысының үш тұрғынынан 12 калибрлі аңшы мылтығы, рация, дүрбі және пышақтар тәркіленді.
Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция киік Қызыл кітапқа енгізілген сирек әрі жойылып кету қаупі бар жануар екенін еске салады. Оны заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.