Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде B1 деңгейіндегі қазақ тілі бойынша әскери қызметкетлерге сертификаттар тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған сертификаттар мемлекеттік тілді оқытудан арнайы курсты сәтті аяқтаған және қорытынды емтихан тапсырған әскери қызметкетлерге табысталды.
Сабақтарды "Шырақ" қалалық Тіл орталығының оқытушысы Айболатқызы Толқынай өткізді.
Оқу барысында қатысушылар қазақ тілінің грамматикасын меңгеріп, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, ұландықтар күнделікті қызметте қолданылатын құжаттаманы жүргізудің кәсіби терминдері мен ерекшеліктерін зерттеді.
Іс-шара барысында әскери бөлім қолбасшылығы мемлекеттік тілді білу әрбір әскери қызметшінің кәсіби дамуының маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Айта кету керек, Ұлттық ұланда мемлекеттік тілді меңгеруге көп көңіл бөлінеді. Бұл әскери ортада өзара түсіністікті нығайтады және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді неғұрлым тиімді және сапалы орындауға ықпал етеді.