Көкшетаудағы Орталық базарда ер адам көз жұмды

Бүгін, 11:00 / Інжу Әлихан
Скриншот

Көкшетаудағы Орталық базар аумағында ер адамның қайтыс болуына байланысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Дереккөздердің мәліметінше, ер адам базар аумағында көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.