Елімізде күн қашан жылиды?

Бүгін, 10:44 / Алуа Арман
istockphoto.com

Синоптиктер 12, 13 және 14 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күнтізбелік көктем басталғанына қарамастан, елдің бірқатар өңірлерінде әлі де қыс мезгілінің әсері сезілуде. Синоптиктердің мәліметінше, әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығысында суық ауа райы сақталып отыр. Қар жауып, боран соққаннан кейін бұл өңірлер суық антициклонның ықпалында қалды. Ол ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелді.

«Алайда көктем де өз әсерін көрсете бастады, 12 наурыздан бастап Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды», - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлге жуық және сәл ғана плюстік көрсеткіштер күтіледі, ал оңтүстікте аптаның ортасына қарай ауа 5–10 градусқа дейін жылынады.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Күн көктем суық