Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшірілді

Бүгін, 09:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада ауа-райының қолайсыздығына байланысты 11 наурыз күні мектеп оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері (бірінші ауысым) қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ауа райының нашарлауына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты 2026 жылғы 11 наурызда 0–11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері (9-сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген Астана қаласы Білім басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, 11 наурызға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланған. Синоптиктердің мәліметінше, қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі.

Тэгтер:

мектеп ауа райы оқушы студент Колледж қашықтан оқу