СҚО-да заңсыз сатылмақ болған 150 литр спирт тәркіленді

Бүгін, 09:01 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Петропавлда полицейлер бұрынғы орталық көтерме базар маңындағы гараж кооперативтерінің бірінде спирт құрамды өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәртіп сақшылары көлемі 5 литрлік 30 пластик бөтелкені және 0,5 литрлік 8 шыны бөтелкедегі спирт құрамды өнімдерді тәркіледі. Сондай-ақ гараждан 491 блок темекі өнімі табылып, тәркіленді. Жасырын түрде сатылған бұл тауарлардың ешқайсысында акциздік маркалар болмаған және олардың тұтынушылар үшін қауіпсіздігін растайтын құжаттары да жоқ. Иесіне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

«Алкоголь – жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың, бөтен мүлікке қол сұғудың, бұзақылық әрекеттердің, түнгі уақытта тыныштықты бұзудың және өзге де құқық бұзушылықтардың жиі кездесетін себептерінің бірі. 10 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Алкоголь айналымына қатысты заңнаманың сақталуын бақылау – криминогендік жағдайды тұрақтандыру, заң мен тәртіпті нығайту жолындағы полицияның маңызды міндеттерінің бірі», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Иса Мустафин.