«Енді еркін әйелмін»: Әнші Мақпал Исабекова күйеуімен ажырасқанын айтты

Бүгін, 05:26 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты тың мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында алғаш рет ажырасқаны туралы айтып, бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді.

Әншінің айтуынша, олар былтыр ақпан айында ресми түрде ажырасқан. Қазір екеуі бір-бірімен сөйлеспейді.

«Бір жағынан бар, екінші жағынан жоқ. Шынында, бұл өте символикалық жағдай. Өмірімдегі үлкен оқиғалардың бәрі – алғашқы жүктілігім, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс – бәрі 14 ақпанда болған. Ал 14 ақпанда мен сіздерге өзімді еркін әйел екенімді жарияладым. Махаббат хикаяларының бәрі әдемі басталады ғой. Ешкім тұрмысқа шығарда ажырасамын деп ойламайды», – деді ол.

Сонымен қатар Мақпал Исабекова бұрынғы күйеуінің неліктен көпшілікке көрсетілмегенін түсіндірді.

«Маған жазылушыларым үнемі “Неге күйеуіңіздің жүзін көрсетпейсіз?” деп жазатын. Бірақ ол адам көпшілік алдында болуды қаламады, бұл – оның құқығы. Мен оның таңдауын құрметтедім», – дейді әнші.

Өнер иесі бұрынғы күйеуімен арада түсініспеушіліктер болғанын да жасырмады.

«Мен әдетте кез келген адаммен ортақ тіл табыса аламын. Біреумен танысу, сөйлесу мен үшін қиын емес. Бірақ дәл күйеуіммен қарым-қатынаста қиындық болды. Бізде диалог жоқ, тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да. Біз сөйлесе алмаймыз», – деді әнші.