Халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматы қаласында өткен ән-кешінде келеңсіз жағдайға тап болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Концерт ортасында тыңдарман сахнаға шығып, әншіге тілек айтумен қатар артық салмақтан арылу керек екенін де сөз етті.
«10 шақты келідей тастасаң, баяғы қыздай боласың. Баяғыда менің қалай 60-жылдыққа қалай билегенімді, қалай өлең айтқанымды білесің бе? Назарбаевтан басқасының бәрінің аузы ашылып қалған. Соның барлығын қайталауға болады. Қазір уақыт сондай. Егер өзіңді қолға алсаң, өзіңді-өзің ұстау керек, тамағыңды жөндеу керек, спортпен айналысу керек, андай-мұндай сөздермен айналысу керек», – деді тыңдарман.
Мұндай сөзді күтпеген әнші іркілместен бірден жауап берді.
«Айқайламаңыз маған, бұйырмаңыз. 30 жыл неге келмедіңіз, қиын болғанда, маған неге ақша бермедіңіз. Сіз бай адамсыз, миллиардерсіз. Менің байға шығатын арманым жоқ, менің фигурам өзіме ұнайды. Мына кісі өзі мені алғысы келіп жүр ғой. Сіз алсаңыз да бармаймын. Аман болыңыз, үлкен басыңызды иіп, сахнаға шыққаңызға рахмет», - деп тыңдарманын сахнадан шығарып салып, концертін жалғастырды.