Елордалық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды

Бүгін, 16:21 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Alem Cup турнирінде ересектер арасындағы көпсайыстың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы халықаралық додаға алғаш рет қатысып жатыр.

Жүлдегерлер 8-9 наурыз күндері шығыршық, доп, ұршық және лента сайыстарының жалпы ұпай қорытындысы арқылы анықталды.

Ақмарал Ерекешева - 112.350 ұпай 2. Айым Мейіржанова - 110.300 3. Виола Селла - 106.650
 Спортшылар енді жеке сайыстар бойынша сынға түседі.