Үш облыста жол ашылды

Бүгін, 16:12 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 10 наурыз cағат 15:40-та келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды:     

Ақмола облысы

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377-595 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — СҚО шекарасы);

- «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай елді мекені – Бұзылық елді мекені);

- «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы).

Қостанай облысы

- «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 218-232 шақырым аралығы (Октябрьский кенті — Ақмола облысының шекарасы);

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы).

Cолтүстік Қазақстан облысы

-«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595-624 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Достық ауылы).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.    

Тэгтер:

ауа райы автожол тасжол қыс трасса