Павлодар облысында жол жабылды

Бүгін, 14:44 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 10 наурыз сағат 14:20-да ауа райының бұзылуына байланысты  республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:

- «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы»  0–263 шақырым аралығы  (Атамекен ауылы — РФ шекарасы);

 - «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы»   191–390 шақырым аралығы (Мичурино ауылы — РФ шекарасы);

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы»  426–587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы — Абай облысының шекарасы);

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы»  0–152 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы);

-«Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы»  0–112 шақырым аралығы  (Павлодар қаласы — РФ шекарасы);

- «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Курчатов»  25–220 шақырым аралығы (Ақсу қаласы — Абай облысының шекарасы).

Жолдарды 2026 жылғы 11 наурыз сағат 00:00-де ашу жоспарлануда.                               

Тэгтер:

ауа райы Павлодар автожол тасжол трасса