Вьетнамда жоғалып кеткен қазақ қызы табылды

Бүгін, 12:19 / Інжу Әлихан

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Әсем есімді қазақ қызы табылды. Қуанышты жаңалықты оның туған әпкесі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әпкесі Рузана оны алып кету үшін Вьетнамға жол жүрейін деп жатқанын айтты.

«Әсемді таптық. Маған оның қазір қандай жағдайда екенін айтуға болмайды. Қазақстан Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктеріне, полиция қызметкерлеріне және барлық көмектескен адамдарға алғысымды білдіремін.

Қазір ол консул Тимурдың қасында. Мен онымен бейнеқоңырау арқылы сөйлестім. Басқа ешетене айта алмаймын. Бастысы – оны таптық», – деді әпкесі.