Оралдық прокурор екі қылмыскерді қарусыздандырды

Бүгін, 11:20 / Алуа Арман
Бас прокуратура

Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жандос Қуанышбеков 30 қаңтарда кешкісін белгісіз азаматтың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіп, дереу оқиға орнына барған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның мән-жайын анықтаған соң, ол жедел түрде екі адамды ұстап, полиция шақырған.

Прокурордың шұғыл әрекеті нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, полицияға тапсырылды.

Жеке тінту барысында күдіктілердің бірінен есірткі заттары табылды.

Қазіргі уақытта заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау және есірткі заттарын сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Көрсеткен батылдығы үшін Жандос Қуанышбеков Полиция департаментімен ведомстволық медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Тэгтер:

күдікті Орал Қылмыскер прокурор қару