Қарағанды облысында полиция көші-қон заңнамасының талаптарына бақылауды күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соңғы бір апта ішінде өңір аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 200 дерегі тіркелді. Оның 100-і Қазақстан Республикасында болу тәртібін сақтамаған шетел азаматтарына қатысты. Тағы 100 құқық бұзушылық Қазақстан азаматтары тарапынан жасалған. Олардың қатарында көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер бар.
Аталған фактілердің барлығы бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.
Қарағанды облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Арман Уәлиевтің айтуынша, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстары тұрақты негізде жалғасын табады.