Нағыз махаббат 50-ден асқанда басталады — Гүлзира Айдарбекова

9 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде күйеуімен болған әңгіме жайлы жазды. Олар махаббаттың өміршеңдігі жайлы сөз қозғаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Өткен жолы Нүрекең парақшасында, Айгера келініме сұхбат жасап, сұрағына жауап берген екен: "Есейе келе махаббат бала мен немереге ауып кетеді" деп. Оны деген ютуб арналар жарыса талқылап жатқанын көріп қалдым. Менің көзімше қалай сарнайды екен деп, әзілдеп түсіргенім ғой... Бала-шағаға деген махаббат мүлдем бөлек. Махаббатты онымен шатастыруға болмайды. Шынында, нағыз махаббат 50-ден асқанда басталады. Оған дейін "күйемін", "сүйемін" дегендер ажырасып кетулері тез. Бір-бірінің бүкіл ыстық-суығына шыдағандарда нағыз махаббат деген, ұлы махаббатқа айналады. Ерлер әйелі болмаса, үйге кіргісі де келмейтіні бәріңізге аян, қартайған ата-аналарыңыздың өмірі соған нақты жауап. Адамның жүрегі мәңгі он сегіз жаста. Ол да рас. Ал сіздер қалай ойлайсыздар, сонымен махаббат бар ма, жоқ па?", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Сонлай-ақ ол күйеуінің пікірін видеоға түсіріп, желіде жариялаған.

Тэгтер:

махаббат Гүлзира Айдарбекова