Әнші Айқын Төлепберген Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
“Сен” деп аталған концерт Астана тұрғындары үшін нағыз музыкалық сыйға айналды.
Өнер иесі көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндерін және жаңа композицияларын орындаған. Тыңдармандардың пікірінше, залдағы атмосфера ерекше жылы әрі әсерлі болғанға ұқсайды.
Әлеуметтік желі қолданушылары алған әсерлерін жарыса жазуда.
“Кеше біз анаммен осы концертке бардық. Керемет әсер алдық. Бәрі бір деммен өтті”. “Aйқын жарады! Керемет концерт болды, сыйлаған әдемі эмоциялар үшін рақмет”, “Өте керемет болды” деп жазды көпшілік.