Қуат Хамитов өзі туралы тараған жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 21:00 / Өтей Торғайұлы

«Найман» атымен танылған қазақстандық файтер Қуат Хамитов өзі туралы жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзіне сенсек, желіде спортшының өлімі туралы қауесет тарап кеткен.

«Ассалаумағалейкум, достар! Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде «Қуат «Найман» Хамитов қайтыс болды» деген түрлі видеолар тарап жатыр. Бұған сенбеңіздер! Егер мен шынымен өмірден өтсем, өзім желіге шығып, ресми түрде хабарлаймын. «Жігіттер, мен қайтыс болдым» деп айтамын. Сондықтан мұндай қауесеттерге сенбеңіздер», - деді Қ. Хамитов желідегі парақшасында.

Тэгтер:

файтер Қуат Хамитов