Apple компаниясы болашақта Ultra деп аталатын жаңа премиум құрылғылар желісін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақпаратқа сәйкес, компания бірнеше жаңа өнім әзірлеп жатыр:
iPhone Ultra — шамамен 2000 доллар тұратын бүктелетін смартфон болуы мүмкін;
MacBook Ultra — сенсорлық экраны бар жаңа ноутбук;
AirPods Ultra — айналаны және қолданушының қимылдарын тану үшін камералармен жабдықталуы ықтимал.
Жаңа құрылғылар Apple-дің ең қымбат әрі технологиялық өнімдеріне айналуы мүмкін. Компания осылайша премиум сегменттегі позициясын күшейтуді көздейді.
Айта кетейік, бұған дейін Apple қолжетімді ноутбук шығару жоспары туралы да ақпарат тараған еді.