Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Министрліктің ақпаратынша, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.
«Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста», – делінген хабарламада.