Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін, 10:49 / Інжу Әлихан
Istockphoto

9 наурыз күні Алматы қаласында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. «Қазгидромет» мамандары мегаполис тұрғындарына сақтық шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай деген не?

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін факторлардың жиынтығы. Оған мыналар жатады: әлсіз жел, тұман, инверсия.

Бұл факторлар қаладағы тұмшаның сейілмеуіне және ауада улы қалдықтардың қалып қоюына әкеп соғады. 

Мамандар ауа сапасының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына келесі ережелерді сақтауға кеңес береді:

1. Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын маңда ұзақ жүрмеген абзал.

2. Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандарға өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені дұрыс.

3. Ауа райы жақсарғанша ашық аспан астында спортпен шұғылданудан немесе ауыр физикалық жұмыс істеуден бас тартқан жөн.