Ақтөбе облысында жолда қалған 95 адам эвакуацияланды

9 наурыз, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақтөбе обл. әкімідгі

Ақтөбе облысының Қобда ауданында қатты боран салдарынан жолда қалған адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудан әкімдігі мәліметінше, боран салдарынан Ойыл және Ақтөбе бағыттарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы уақытша шектелген. Осыған байланысты эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастырылып, жолдағы адамдар қауіпсіз орындарға жеткізілді.

Эвакуациялық пункттерге барлығы 95 адам орналастырылды: 31 әйел, 53 ер адам және 11 кәмелетке толмаған бала. Оларға ыстық тамақ беріліп, демалу үшін жағдайлар жасалды.

Облыс әкімдігі қызметтердің жедел әрекет еткенін атап өтті. Эвакуацияланған тұрғындар құтқарушылар мен жергілікті қызметкерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.