«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
9 наурызда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.