Тележүргізуші Динара Сәтжан алғаш рет енесі Жақсыгүл Жанықұловамен бірге эфирге шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Енесі мен келіні "Жібек Жолы" арнасына сұхбат берген. Сұхбат барысында Жақсыгүл Жанықұлова келіні жайлы жылы лебізін білдірді.
"Көпшілік Динара екеумізді ұқсатады. Динараға ризамын, балаларының қызығын көрсін, қосағымен қоса ағарсын. Динара ішіндегісін жасыра алмайды, бәрін ашық айтқысы келеді, ақкөңіл. Әйел, ана болған соң сабыр сақтап, жолдасын сыйлау керек. Төзімділіктің арқасында осындай жағдайға жетіп отырмын", – деді Жақсыгүл Жанықұлова.