Нахчывандағы шабуыл: Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді

Бүгін, 14:54 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичевань әуежайына жасалған шабуылға байланысты білдірген ұстанымы үшін алғысын жеткізді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Нахичеваньға Иран мемлекеті тарапынан жасалған шабуылдарды айыптағаны және елімізді қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Бұл — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық және одақтастық рухының көрінісі», — деп жазды Әзербайжан басшысы.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Иран ұшқышсыз аппараттарының Нахчыван қаласындағы әуежайға жасаған шабуылына қатысты өз ұстанымын жариялап, бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеген болатын.