“Жүрегімізге жылу сыйлайды”: Төреғали Төреәлі әйелдер жайлы ойын ортаға салды

6 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелдер қауымын мейраммен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өз лебізін әлеуметтік желіде жариялаған.

“Қымбатты аналар, ардақты әжелер, аяулы жарлар, сүйікті қыздар, асыл әпке-қарындастар! Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, ұрпақтың тәрбиесі мен болашақтың бастауы. Әжелеріміздің ақ батасы, аналарымыздың мейірімі, жарларымыздың адалдығы, әпке-қарындастарымыздың қамқорлығы, қыздарымыздың күлкісі – біздің өмірімізді нұрландырып, жүрегімізге жылу сыйлайды. Баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға береке, жүректеріңізге қуаныш тілеймін. Әр күніңіз махаббат пен құрметке толы болсын”, – деп жазды әнші. 

Оның тыңдармандары желіде ризашылық білдірген пікірмен жауап берді. 

Тэгтер:

әнші Әйел Төреғали Төреәлі