Павлодарда 38 жастағы келіншек 11-ші баласын өмірге әкелді

Бүгін, 12:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар облысының перинаталдық орталығы жақында ғана сәбилерін дүниеге әкелген көп балалы аналарды құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жақсы дәстүр бойынша перинаталдық орталық қызметкерлері жас аналарды құттықтап, оларға жаңа туған нәрестелерге арналған тоқыма бұйымдары салынған жиынтықтар табыс етті. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы жақсы, олар мамандардың бақылауында.

«Бұл көпбалалы аналардың барлық балаларының жағдайы жақсы. Сәбилер тамақтанып жатыр, салмақ қосуда, ешқандай патология анықталған жоқ. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында, жақын уақытта оларды үйіне шығуға дайындаймыз», - дейді перинаталдық орталықтың неонатолог дәрігері Нұржас Базарбай.

Перзентханада ерекше оқиғаның бірі Кенжекөл ауылынан келген 38 жастағы Жұлдызға қатысты болды. Ол мамандығы бойынша ветеринар және жақында он бірінші рет ана атанды. Қазір оның үлкен отбасында алты ұл және бес қыз бар. Үлкен қызы 20 жаста, ал ең кішкентай қызы бір жаста. Жаңа туған ұлы Жан 3 келі 400 грамм салмақпен дүниеге келген.

Жұлдыздың айтуынша, көп балалы отбасындағы ең үлкен сынақ – материалдық қиындық емес, әр балаға жеткілікті көңіл бөлу.

«Ең бастысы – баланы өсіріп, тәрбиелеу. Бала туу – әр әйелдің қолынан келеді деп ойлаймын. Тек денсаулық керек шығар. Алла бізге осынша бала берсе, демек біз соған дайынбыз. Барлық балаларымыз – қалаулы. Көп адам қаржылық қиындықтан қорқып, көп бала тумайтын шығар. Бірақ біз күйеуім екеуміз жұмыс істейміз. АСП алмаймыз, өйткені табысымыз жоғары. Әрине, үйде қарап отырмаймыз. Мен, мысалы, декретте отырмаймын», – дейді Жұлдыз.

Айта кетейік, биылғы жылдың екі айында Павлодар облыстық перинаталдық орталығында 799 сәби дүниеге келген, оның ішінде 8 егіз бар.

Тэгтер:

сәби ана көп балалы ана перзентханаПавлодар