Ақтөбеде жол жабылды

Бүгін, 11:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе облысында ауа-райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 6 наурыз сағат 12:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау» автожолының 11-250 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы — Қарауылкелді кенті) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Жолды 2026 жылғы 6 наурыз сағат 16:00-де ашу жоспарланған.

Тэгтер:

ауа райы Ақтөбе облысы автожол тасжол трасса