«Уайымдаған жандарға рақмет»: Жанболат пен Жазира Қазақстанға аман-есен оралғанын айтты

Бүгін, 10:33 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші Жанболат пен Жазира Дубайдан Қазақстанға аман-есен оралғанын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иелері алаңдаған жандарға алғыс білдірді.

 «Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық.

Дубай  – Маскат  – Стамбул  – Астана.

Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын», - деп жазды ол..