Алматыда 1,1 млн доллар пара алды деген күдікпен «ҚазТемірТранс» филиалының директоры ұсталды

Бүгін, 08:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматыда 1,1 млн доллар пара алды деген күдікпен «ҚазТемірТранс» филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz cmn.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Алматыдағы «Ливера» мейрамханасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері арнайы операция жүргізген.

Нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы саналатын «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бір филиалының директоры ұсталған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күдіктіге 1,1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара берілген. Бұл қаражат филиал қызметіне қатысты мәселелерді шешуге және күзет компаниясына «ҚазТемірТранс» АҚ нысандарын Қазақстан аумағында күзетуге рұқсат алуға жәрдемдесу үшін берілген болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғалар анықталып жатыр.