Танымал қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаевтың видеосын желі қолданушылары қызу талқылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасына 28 жыл бұрынғы видеосын жүктеген. Видеода шоуменнің Шиелі елді мекеніндегі би кештерінің бірінде көңіл көтеріп жүргенін байқауға болады.
"1998ж.Шиелі. Дискотека! Қатты күлмейміз", - деп жазылған видеоның астындағы жазбада.
Желі қолданушылары болса архив видео позитивті пікірлерді жаудырды.
"Нұреке мені жас кезде сізге көп ұқсататын", "Мен туған жылы кәдімгідей шайқап жүрсіз ғой", "Сағызды айтсай оверсайз костюм, кең шалбар.Стиль таза Қызылорда", "Осы кезде уже байдың түрін жасап жүріпсіз ғой", "Билеуге ерініп тұрсыз ба?!", - деп әзілдеп жазды желі қолданушылары.