Көкшетауда оқушы қыз автобус есігіне қысылып қалған

Бүгін, 20:04 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөз

3 наурыз күні Көкшетауда 12 жастағы қыз бала маршруттық автобустан түсу кезінде жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция басқармасының хабарлауынша, бала көлік есігіне қысылып, сүйегін сындырып алған.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, «Жол жүрісі қағидаларын немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

«Іздестіру шаралары барысында полицейлер маршруттық автобустың жүргізушісін анықтады, ол 65 жастағы ер адам болып шықты. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады», – деп атап өтті Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілерін, сондай-ақ жолаушылардың өздерін барынша мұқият болуға шақырады.

Тэгтер:

оқушы Автобус Көкшетау