Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде ЭКО жасағысы келетіндер арасында жастар көбейгені туралы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тележүргізуші соңғы уақытта бедеулік диагнозы қойылған келіншектер көп жаза бастағанын айтты.
«Тұрмысқа жаңа шыққан, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздар бірінші денсаулықтарыңды күтіңдер. Неге екенін білмеймін, біздің қорға тегін ЭКОға қатысты хат жазатын, жастары 20-дан жаңа асқан келіншектер соңғы кезде көбейіп барады. Көбіне түрлі сатыдағы бедеулік диагнозы қойылған», - делінген Ләйлә Сұлтанқызының жазбасында.
Желі қолданушылары да түрлі пікір қалдырды.
«Айта берсең көп, денсаулыққа қатысты базалық білімдеріңізді толықтырыңыздар! Қазаққа сау ұрпақ керек! Аман болыңыздар, дендеріңіз сау болсын», «Иә , дұрыс айтасыз. ЭКО клиникада істеймін , жап-жас қыздар келеді бедеулік диагнозымен», «Дұрыс айтасыз, күтіну керек. Мен 36 жастамын, оң жақтағы труба яйчник алып тастаған операция жасалған. Енді бала көтеруге шанс жоқ, тек эко оған қаражатым жетпейді. Ал жолдасым бедеусің сен, дей береді», - деп жазды желі қолданушылары.